Көкшетауда өртенген көліктің ішінен ер адамның денесі табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда өртенген «ВАЗ 2107» көлігінің ішінен 67 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл хабарды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

«Оқиға 12 шілде күні сағат 13:56-лар шамасында Краснояр ауылындағы Ыбырай көшесі 18-ші үй мекенжайында болды. «ВАЗ 2107» көлігі өртке (өрт аумағы 2 кв.м) оранды. Өрт сағат 14:00-де ауыздықталды. Оқиға орнынан 1951 жылы туған ер адамның денесі табылды», - деп жауап берді Руслан Иманқұлов ҚазАқпарат тілшісіне.

Қазіргі кезде, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар