Көкшетауда өрт кезінде есінен танған 55 жастағы ер адам құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда өрт кезінде түтінге есінен танған 55 жастағы ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Көкшетау қаласындағы барак үлгісіндегі 4 пәтерлі тұрғын үйде болған.0

Өрт кезінде 55 жастағы тұрғынның пәтері түтінге толып, ол есінен танған.

«Құтқарушылар түтінге уланып, ес-түссіз күйде жатқан ер адамды тапты. Өрт сөндірушілер оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Әлімжан Мұстафин, Евгений Ефремов және Әліби Комаров сияқты өрт сөндірушілердің арқасында ер адам аман қалды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, өрт сағат 10.35-те ауыздықталып, сағат 10.55-те сөндірілді. Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 23 қызметкер және 4 техника жұмылдырылды.

Алдын ала анықталғандай, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Осы ретте ТЖД қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектәгән кезекті рет еске салды.


Соңғы жаңалықтар