Көкшетауда Ораз Сәрсекеевтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Көлік қызметкерлері күніне орай «Қазақстан темір жолы»  акционерлік қоғамының облыстық филиалы ғимаратының қабырғасына теміржол саласының ардагері Ораз Сәрсекеевтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Салтанатты шараға Ораз Асқарұлының туған-туыстары, үзеңгілес әріптестері және осындағы еңбек әулетін жалғастырушылар болып табылатын депоның жұмысшылары қатысты. Шараны «Қазақстан темір жолы - Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының «Ақмола бөлімшесі ЖТ» филиалының директоры Нұрым Жаниязов құттықтау сөзбен ашты.

«Машинист ма­мандығы теміржолда әрқашан құрметті де  жауапты болған және бола да береді. Ораз Асқарұлы өз мамандығының биік шыңына шығып, теміржол саласының дамуына елеулі үлесін қоса білді», - деді ол өз сөзінде. 
null 

Сонымен қатар, «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының өкілі Ерлан Қизатов, «Ардагер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Ғосман Төлеғұл құттықтау сөз сөйлеп, Ораз Асқарұлының еңбегі туралы айтып берді .
null null

Ораз Асқарұлы еңбек жолын 1973 жылы Көкшетау сигнал беру және байланыс дистанциясының электромеханик қызметінен бастады. 1980-1983 жылдары аралығында жаңадан құрылған тың темір жолы Бурабай курорты сигнал беру және байланыс дистанциясының басшысы қызметінде болды. Байланысшылар ұжымы Целиноград - Көкшетау - Жаңа Есіл жүк мөлшері көп бағыттарындағы екінші жолдарды дайындап, пайдалануға енгізуге, Целиноград - Көкшетау учаскесін электрлендіруге, Көкшетау, Жаңа Есіл ірі темір жол тораптарын дамытуға белсенді қатысты. Осы кезде Ораз Асқарұлының басшы ретінде өзіндік қолтаңбасы, адамдармен жұмыс істеу дағдысы қалыптасты. 1997 жылы Ораз Асқарұлы Ақмола темір жолы Көкшетау филиалының басшысы, 1998 жылы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша ревизордың орынбасары, 2002 жылдың акпанында бас ревизоры, ал 2002 жылдың шілдесінде Ақмола магистральдық желі бөлімшесінің директоры болып қызмет істеді. Ораз Асқарұлы қандай қызмет атқарса да өзінің байсалды көзқарасымен, қатаң тәртібімен, еңбексүйгіштігімен және жауапкершілігімен ерекшеленді.

Соңғы жаңалықтар