Көкшетауда он шақты үйді су басты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда еріген қар суының салдарынан  онға жуық жекеменшік тұрғын үй суда қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Соңғы екі тәулік бойы Көкшетауда ауа температурасы нөлден жоғары болды. Осының салдарынан қар күрт еріп, қала көшелері мен үй аулаларын су басып қалды. Бүгін таңертең еріген қар суы Уәлиханов және  Кенесары көшелерінің қиылысындағы он шақты үйді шайып кетті.

«Таңертең сағат 12:00-лер шамасында аулаға жиналған су үйге кіре бастады. Коммуналдық қызметтерге хабарлап көмек сұрадық. Олар жеткенше шалшық су үйдің ішін шайып кетті. Тұрмыстық жиһаз, төсек орын барлығы суда қалды», дейді қала тұрғыны Ботагөз Дөсетова.

Қазіргі кезде, «Көкше жәрдем» коммуналдық қызметінің жұмысшылары аталған учаскеде су сору жұмыстарымен айналысып жатыр.  

null

null

Соңғы жаңалықтар