Көкшетауда Наурыз мейрамына орай «Қазақстанда жасалған» сауда белгiсiмен жәрмеңке өтуде (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Наурыз мейрамына орайластырылған «Қазақстанда жасалған» сауда белгiсiмен ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жәрмеңкесi өтуде.

Тәуелсiздiк алаңы және «Алтын Ғасыр» сауда үйінің алдында ұйымдастырылған азық-түлiк өнiмдерiнiң жәрмеңкесіне Зерендi, Сандықтау, Бурабай, Жақсы, Еңбекшiлдер аудандары және Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысуда.

Мұндағы азық-түлік өнімдерінің бағасы қала базарларындағы тауарлардан 15-20 пайыз арзан сатылуда.

Сонымен қатар, жәрмеңкеге келушілерге аудандық көркемөнерпаздар ұжымы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылып, мерекелік көңіл күй сыйлауда.
null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар