+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Көкшетауда науқас қызға көмектесу үшін қайырымдылық концерті өтті

2019 жылғы 8 желтоқсан 12:25
Бөлісіңіз:
Көкшетауда науқас қызға көмектесу үшін қайырымдылық концерті өтті

КӨКШЕТАУ. КАЗИНФОРМ - Көкшетауда ауыр дертке шалдыққан қызға көмектесу үшін полиция қызметкерлері қайырымдылық концертін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді Олимпиадаға іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Нидерландыдан жеңілді ШҚО-да үздік тергеуші мен анықтаушы марапатталды

«15 жастағы Әспет Қожахметова ән айтумен және би билеумен айналысты, тіпті, мұқтаж жандарға көмектесуге құштар болды. Алайда, ағымдағы жылдың наурыз айында жасөспірім ауыр дертпен күресуді бастайды. Дәрігерлер оған «қатерлі ісік» диагнозын қойды. Қазіргі таңда Әспет Германияда құны 50 мың евро тұратын қымбат отаға мұқтаж», - дейді ведомстводан.

Тәртіп сақшылары жасөспірімге көмекке қолын созу мақсатында қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Көздеріне жас алған қыздың туысқандары қиын уақытта қолдау білдіріп, көмектескен полиция қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдірді. Бір ғана концерт билетінен барлығы 300 мың теңге ақша түсті. Бұдан бөлек, шара барысында 60 мың теңге қаржы жиналды. Жиналған қаржының барлығы Әспеттің арнайы есеп-шотына аударылды.

Концертті ұйымдастырушы Ақмола облыстық ПД Кадрлық жұмыс басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, бұл полиция қызметкелері ұйымдастырып отырған алғашқы қайырымдылық шарасы емес, осыған дейін де көмекке зәру біраз балаға қайырымдылық көмек көрсетілген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT