Көкшетауда науқас аурухананың терезесінен секіріп мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда қалалық аурухананың үшінші қабатындағы терезеден секірген 56 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«26 тамызда қалалық аурухананың гастро-энтерология бөлімшесі орналасқан 3-ші қабаттағы терезеден Көкшетау қаласының 56 жастағы тұрғыны секіріп кетті. Салдарынан ер адам көз жұмды. Оған «полижарақат» диагнозы қойылды», - деп айтты ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 105 -бабы 1-бөлігі «өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Соттық-медициналық сараптама тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар