Көкшетауда мониторингілік топқа қарсылық көрсеткен 4 күзетші қамауға алынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда күзетшілер мониторингілік топқа қарсылық көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қарашада түнгі сағат 00:00-де Көкшетау қалалық ПБ жедел басқару орталығының арнайы желісіне облыс орталығындағы ойын-сауық мекемелерінің бірі карантиндік шектеулерді бұза отырып жұмыс істегені туралы хабар түсті.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы күзет қызметінің төрт қызметкері мониторингілік топтың жұмысына қарсы әрекет жасағанын анықтады.

«10 қараша күні Көкшетау қаласының әкімшілік сотында құқық бұзушыларға қатысты сот процесі өтті. Соттың қаулысымен мекеменің күзет қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 667-ші бабында көзделген «құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау» құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылды. Оларға үш тәулік әкімшілік қамауға алу түрінде жаза тағайындалды», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар