Көкшетауда «Мобильді кітапхана» іске қосылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облысының ғылыми әмбебап кітапханасында «Мобильді кітапхана» жобасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кітапхана мамандарының сөзінше, оқырмандар смартфон немесе планшеттің көмегімен QR- код арқылы «Мобильді кітапхана»қосымшасында ұсынылған 110 әдеби кітаптың кез келгенін лезде тауып, оқи немесе жүктей алады.

«QR код  кез келген ақпаратты цифрландыруға мүмкіндік береді. Ұялы телефоныңызда жүктелген арнайы қосымша болса жеткілікті. Бұл оқырмандар санын арттыруға ғана емес, ұялы телефонға әуестенген жастарды кітап оқуға тарту» , - дейді кітапхана мамандары.

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облысының ғылыми әмбебап кітапханасында өткен жобаның тұсаукесер рәсіміне  мектеп оқушылар қатысып, «Өткеннен болашаққа» квест ойыны арқылы «Мобильді кітапхана» қызмет түрін қолдану бойынша өзара жарысты.

Мобильді оқырмандар баспадан жарық көрген дәстүрлі кітаптардан алыстамайды. Керісінше, облыстық кітапхана ұсынып отырған электронды гаджеттер арқылы «Мобильді кітапхана» сөрелеріндегі қазіргі заманғы және калассикалық 100-ден астам шығарманы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқи алады.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар