Көкшетауда мешітке барып, ұрлық жасаған күдікті қолға түсті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда мешітке барып, ұрлық жасаған күдікті қолға түсті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне облыс орталығы маңындағы елді мекендердің бірінде тұратын 46 жастағы ер адам хабарласқан.

«Зардап шегушiнің айтуынша, қаладағы мешіттердің бірінде намазға жығылып жатқанда оның сырт киімінің қалтасынан ақша, несиелік карта, құжаттар салынған әмианын белгісіз біреу жымқырып кеткен. Жедел-іздестіру шарасы барысында 24 жастағы жігіт қолға түсті», деп көрсетілген хабарламада.

Қазіргі кезде күдіктіден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынып, ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Соңғы жаңалықтар