Көкшетауда мереке күндері 33 жасар адам пышақ жарақатынан көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында мерекелік демалыс күндері көкбауыр тұсына салынған пышақ жарақатынан бір адам көз жұмды. Бұл туралы құқық қорғау органдарының қызметкерлері мәлім етті.

Қайғылы оқиға облыс орталығының Васильковка шағын ауданында орын алған. Құқық қорғау органдарына қалалық ауруханадан кезекші медбикелердің бірі 1981 жылғы азаматтың пышақ жарақатымен жеткізіліп, кейін көз жұмғаны жөнінде хабарлаған.

Нәтижесінде, полицейлермен жедел іздестіру барысында 1982 жылғы облыс орталығының тұрғыны ұсталынып, қылмысын мойындайды. Сондай-ақ, оның осыған дейін де яғни, 2006, 2007 және 2009 жылдары ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды.

Қазір ұсталынған азамат тергеу изоляторына тоғытылып, үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 103-бабының 3-бөлімі (денсаулығына зиян келтіріп, өлімге әкеліп соққан қасақана қылмыс жасаушылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар