Көкшетауда «Менің туым – менің Қазақстаным» атты челлендж өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Отан қорғаушы күніне орай Көкшетауда «Менің туым – менің Қазақстаным» атты челлендж өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Акция барысында «Інжу» тұрғын үй кешенінің тұрғындары 9 қабатты тұрғын үйдің әр қабатына еліміздің әскери міндетті азаматтарға құрмет ретінде тоғыз туды іліп қойды.

Шараны ұйымдастырушы Гүлмира Құсайынның айтуынша, акция әскери міндетті азаматтардың мәртебесін арттырып, жастарды патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған.

«Иә, қазір пандемия жағдайында біздің әскери қызметшілеріміз қала көшелерін дезинфекциялау жұмыстарына тартылып, тәулік бойы блокпостарда кезекшілік атқаруда. Сол себепті, біз оларға алғыс білдіріп отырмыз», - дейді қала тұрғыны.

Акция қазақстандық танымал орындаушы Қуандық Рақымның «»Мен қазақпын» әнімен сүймелденді.

Қалалық мәдениет бөлімі акцияға қатысушыларды қолдап, музықалық аппаратура мен ту ұсынды.


Соңғы жаңалықтар