Көкшетауда «Мен қазақпын» жобасының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат- Көкшетауда «Мен қазақпын» ұлттық мега-жобасының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстық «Көкше» телеарнасының директоры Әлібек Татанов пен дәстүрлі әнші, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның әртісі Сəрсенбай Хасеновтың қатысуымен өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
null 

Брифингте айтылғандай «Мен қазақпын» - «Қазақстан» республикалық телерадио-корпорациясының ауқымды жобасына Ақмола облысы бойынша 100-ге тарта үміткерлердің ішінен үздік шыққан 22 өнерпаз облыстық кезеңге қатысып, бақ сынаған болатын.

Көкшетаудағы Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театрының сахнасында өткен іріктеу концертінде дәстүрлі ән жанры бойынша Асқар Мұқият, күй жанры бойынша Бауыржан Балташ жəне терме жанры бойынша Назира Бейсенова жеңімпаз атанды.
null 

«Жеңімпаздардың үшеуі де Астана қаласында өтетін республикалық байқауда Ақмола облысының намысын қорғайтын болады», деді «Көкше» телеарнасының директоры Әлібек Татанов.

null 

Соңғы жаңалықтар