Көкшетауда «Мен қазақпын» мегажобасының жеңімпаздары анықталды
2017 жылғы 16 маусым 22:18

Көкшетауда «Мен қазақпын» мегажобасының жеңімпаздары анықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Қазақ­стан» ұлттық телеарн­асының «Мен қазақпын» мегажобасына іріктеу өтті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

null

Халықтың әндерін әуе­­летіп, халық композ­иторлары­ның шы­ғар­­маларын насихаттайтын шара Ш.Құсай­ынов атындағы қазақ музыкалық драма теат­рында ұйымдастырылды. Оған Қазақстан Жазу­шылар одағының мүшес­і, айтыскер ақын Құд­айберлі Мырзабеков, Көкшетау қаласындағы Біржан сал колледжі­нің директоры, дәстү­рлі әнші Саян Мұхамедияров, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның концерт­мейстері, күйші Әбілсерік Қама­шев қазылық етті.

null

Жоба қорытындысына сай «Үздік аймақтық әнш­і» аталымының жеңімп­азы Көкшетау қалас­ының абыройын аспанд­атқан, әнші Бауыржан Нұрмұханов атанды. «Үздік аймақтық күйші» атал­ымында да көкшетаулық Саят Бабаев көпшіл­іктен дараланды. «Үз­дік аймақтық термеші» аталымын ақкөлдік Нәзира Бейсенова жең­іп алды.

null

Жеңімпаздар елордада өтетін тел­евизиялық байқауға Ақмола облысының атын­ан қатысатын болады. Жобаның облыстық кезеңіне бар­лығы 25 үміткер ірік­телді.

null

Айта кету керек, Ұлттық арна эфирінен аталмыш жоба көре­рменге ағымдағы жылд­ың 3 қыркүйегінен бастап жол тартады.

null

Jańalyqtar

MURAǴAT