Көкшетауда мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тілден зияткерлік ойыны өткізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндік аясында Көкшетау қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ұшқыр оймен шешен тіл» атты зияткерлік ойын өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облысының ішкі саясат басқармасыне сілтеме жасап.

Аталған іс-шара «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесімен ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту.

Зияткерлік ойынға Ақмола облысының білім, деңсаулық сақтау, жер қатынастары, туризм басқармаларының жас мемлекеттік қызметшілері және облыстық жастар ресурс орталығының мамандары қатысты. Әр командада үш ойыншыдан болды.

«Ойын ережесі бес кезеңнен тұрды. Қатысушылар мақал-мәтелдерді жалғастырды, сөйлемдер құрады, жаңылтпаштың ішінде артық сөзді тауып, сөзжұмбақтарды шешті. Ойыншылар қазақ тілін терең меңгергенін көрсетті. Іс-шара тартысты да қызықты өтті. Барлық қатысушыға алғыс айтамыз», - деді өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыру жобалау бөлімінің басшысы Ерден Нұрмұхамет.

Ойын қорытындысы бойынша, білім басқармасының командасы жеңімпаз атанды.

Барлық қатысушылар «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің алғыс хаттармен және кәдесыйлар берілді.


Соңғы жаңалықтар