Көкшетауда мемлекеттік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Әріптестік пен дамудың 30 жылы – Ақмола облысының мемлекеттік органдары және азаматтық қоғамның әріптестігі» тақырыбында мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шараға қатысқан аймақ басшысы Ермек Маржықпаев өңірде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамы арасында 30 жыл бойына атқарылған істерге тоқталды.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда өңірде 298 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Әкімдік тарапынан оларды мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс бойынша қаржыландыру бұдан 15 жыл бұрын 7 миллион теңгені құраса, қазір 400 миллион теңгеге жетіп отыр.

«Мемлекет басшысы қазақстандықтарға арнаған Жолдауында мемлекет пен қоғамның диалогына баса мән берді. Елімізде мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарға үнемі қолдау көрсетіліп келеді. Былтырғы жылдың қараша айында өңірімізде облыстық азаматтық форум өтті. Онда жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік органдармен бірлесіп, атқарған жұмысы және алдағы жоспарлары талқыланды. Бүгінгі таңда бұл бағытта біраз жұмыс атқарылды», - деді атап өтті аймақ басшысы.

Дөңгелек үстел барысында «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі Ақмола филиалының төрайымы Ирина Терентьева, «Эко-Көкше» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбілжан Құсайынов, «ABAY MEKTEPTERI» қоғамдық қорының президенті Ерлан Айтмұхамбетов, «Ақмола облысының қоян-қолтық ұрыс федерациясының президенті Алма Хамитова, «Доброе сердце – LLider.kz қоғамдық қорының төрайымы Ирина Катуховамен «Насихат» консультативтік-оңалту орталығының төрағасы Ермек Баяділов өздері басқарып отырған бірлестіктердің жұмысы туралы айтып, мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберін кеңейту бағытында ұсыныстарын жеткізді.

Айта кетейік, облыста 25 мемлекеттік орган бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болса, оның алтауы облыстық басқармалар. 2021 жылы олар мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысқа жалпы құны 150 миллион теңге болатын 32 жобаны іске асыруға ұсыныс білдіріп отыр.


Соңғы жаңалықтар