Көкшетауда Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру тетіктері талқыланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жолдары талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғам өкілдерінің қатысуымен өткен жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкімет алдына қойған алты негізгі міндеттің өңірде жүзеге асырылуы сөз болды.

«Мемлекет басшысы пандемиямен, іскерлік белсенділіктің төмендеуімен және Ұлттық қауіпсіздік сын-тегеуріндерімен байланысты қазіргі күрделі кезеңде бұрын белгіленген реформаларды іске асыру мен инфляцияны тежеуді басым міндеттердің бірі деп белгіледі. Президент Үкімет алдында табыстың өсуі және теңсіздіктің қысқаруы, инфляцияны тежеу, экономикалық даму үшін қосымша қаражат беру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері, энергетикалық кешенді дамыту, денсаулық сақтау саласындағы мәселелер тәрізді 6 негізгі міндетті белгіледі. Ол міндеттерді орындау Ақмола облысына да тікелей қатысты. Мемлекет басшысы бізге, қоғам өкілдеріне үлкен үміт артып отыр. Біз алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін, оның ішінде қоғамдық қызметтегі өз тәжірибемізді және өз мүмкіндіктеріміз тұрғысынан перспективалық көзқарасымызды ескере отырып, өз үлесімізді қосуға тырысамыз», - деп атап өтті «Ақмола облысы бойынша Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Ирина Терентьева.

Дөңгелек үстел барысында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын қолдау және орындау үшін өңірдің бірқатар қоғам өкілдері, соның ішінде «Наша права» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, «Ақмола облысы азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің құрылтайшысы Владислав Шуль, Ақмола облысының кәсіподақтар орталығының төрағасы Қали Рахметов өз ой-пікірлерімен бөлісті.


Соңғы жаңалықтар