Көкшетауда «Лада гранта» жеңіл көлігі ер адамды қағып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Лада гранта» жеңіл көлігі ер адамды қағып кетті.

Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы Әуелбеков және  Біржан сал көшелерінің қилысында орын алған.

Әуелбеков көшесінің бойымен жүріп келе жатқан «Лада гранта» жеңіл көлігі жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен.

Әзірге зардап шеккен адамның аты жөні мен халі белгісіз. Оқиға орнына дереу жеткен жедел жәрдем қызметі оны ауруханаға алып кетті.

Ал көліктің алдыңғы терезесі сынған. Қазіргі кезде, оқиға орнында жол патрулдік полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. 

Соңғы жаңалықтар