+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Көкшетауда «қызыл» және «сары» мәртебесімен карантин режимін бұзған 157 адам анықталды

2021 жылғы 4 тамыз 20:34
Бөлісіңіз:
Көкшетауда «қызыл» және «сары» мәртебесімен карантин режимін бұзған 157 адам анықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласы кәсіпкерлерінің Ashyq жобасына қатысуы және халықтың вакциналануы туралы Көкшетау қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Қанат Ысқақов брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда коронавируспен күрес шараларына 4,2 млрд теңге бөлінді Ақтөбе облысында дәрігер тапшылығы жоқ – Руслан Хамбаров Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер 100 пайыз екпе алды

Спикердің сөзіне қарағанда, 4 тамыздағы жағдай бойынша Көкшетауда 51 863 адам бірінші компонентпен егілген. Бұл қаладағы вакциналануы тиіс тұрғындардың жалпы санының 44,1% -ын құрайды (117 480 адам). Тәуекел тобын вакциналаумен қамту орта есеппен 80%-ға жетті. Медициналық қызметкерлер арасында бұл 100%, педагогтар - 79%, полиция қызметкерлері - 100%, мемлекеттік қызметкерлер - 100%, жергілікті өзін -өзі басқару контингенті мен қызметкерлері 63%-ды құрады. Вакцинациядан кейін медицина мен полиция қызметкерлерінің арасында ауру алты және одан да көп есе азайды.

Облыс орталығының бас мемлекеттік санитар дәрігері атап өткендей, Көкшетауда Ashyq жобасына 301 кәсіпкерлік нысаны қатысуда.

«Жобаның тиімділігі коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарды және үй карантині режимін бұзған сырқаттармен байланыста болған адамдардың анықталуымен расталады. Бүгінгі таңда Көкшетауда Ashyq қосымшасының көмегімен үйде оқшаулау режимін сақтамаған 157 адамды анықтауға мүмкіндік туды. Оның 82-сі «қызыл», 75-і «сары» мәртебемен», - деп түсіндірді Қ. Ысқақов.

2021 жылғы 10 маусымнан бастап КВИ-мен ауыратын науқастарға оқшаулау режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жаза қарастырылған, оның санкциясында жеке тұлғаларға 87510 теңге (30 АЕК) мөлшерінде айыппұл көзделген.

Бүгінгі таңда Көкшетауда жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам сомаға 26 адам әкімшілік жауапқа тартылды. 21 адамға шақыру қағаздары беріліп, карантин аяқталғаннан кейін оларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT