+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Көкшетауда Қытайда демалып келген балалардан коронавирусқа сынама алынды

2020 жылғы 28 қаңтар 18:18
Бөлісіңіз:
Көкшетауда Қытайда демалып келген балалардан коронавирусқа сынама алынды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда Қытайда демалып келген балалардан сынама алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Diamond Princess круиздік лайнеріндегі үш ресейліктен коронавирус анықталды Коронавирус: Қазақстан мен әлемдегі ахуалға шолу Коронавирус: Грекияда алғашқы вирус жұқтыру жағдайы тіркелді

Ведомствоның мәліметінше, бүгін 28 қаңтарда де облыстық көпбейінді балалар ауруханасына ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекциялары) диагнозымен 2 және 5 жасар екі бала түсті. Аталмыш отбасы қаңтардың 6-ы мен 21-і аралығында Қытайда (Хайнань) демалыста болған.

«Науқастардан коронавирус инфекциясына байланысты сынама алынды. Ақмола облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің дерегі бойынша, сынама қорытындысы бірер сағатта дайын болады. Ата-анасы мен баланың үлкенінде ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекциялары) белгілері табылмады. Анасы аурханада балалардың қасында», деп түсіндірді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, әлеуметтік желісінде Көкшетаудағы жұқпалы ауралар ауруханасына коронавирусқа күдікпен науқас түсті деген ақпарат тараған болатын.

Еске сала кетсек, Ақмола облысы аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және санитарлық – эпидемологиялық шараларды күшейту мақсатында облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың жетекшілігімен өңірлік комиссия құрылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT