Көкшетауда Қылшақты өзенінде су деңгейі көтерілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында Қылшақты өзенінің деңгейі көтеріліп, автокөлік көпірін су басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап.

Наурыздың 14-інен 16-сына дейін облыс аумағында күн жылынған, ауа температурасы күндіз +1С-тан +8С-қа дейін жетсе, түнде +1С-тан +4С-қа дейін жылы болған.

«Қалың қардың еруіне байланысты, қала маңында, Бурабай және Зеренді аудандары аумағынан, Көкшетау қаласында таңғы сағат 03:10-нан бастап Қылшақты өзеніндегі су деңгейі 1 м 40 см-ге (қауіпті деңгейі 3 м 20 см) көтерілгені байқалады», - деп атап өтті ТЖК-да.


Қарғын судың келуіне дейін Қылшақты өзенінің барлық арнасында мұз қатып жатқан Сағат 03:20-да судың көтерілу деңгейі шамамен 1 м 50 см, ал 04: 45-те 2 м 50 см деңгейінде болды.

«Сағат 05:50-де судың көтерілуі салдарынан Б.Әшімов көшесінің бойындағы №12 орта мектеп маңында автомобиль көпірін су басып (биіктігі 10-15 см ені -8 м) қалды. Су басқан жерде және Қылшақты өзенінің бойында жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметі және төтенше жағдайлар бөлімі кезекшілік ұйымдастырды.

Тұрғын үй кешені мен әлеуметтік нысандарды су басуға жол бермеу бойынша жедел шаралар қабылдау мақсатында Қылшақты өзенінің жағасын күзету және тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 16 наурызда Қылшақты өзені мен Қопа көлінің қосылатын жерінде 855 шаршы метр аумақта мұз жару жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлады ведомствода.

Оқиға орнында ТЖД күштері мен құралдары тартылған: 4 техника, жалпы саны 11 адам болатын жеке құрамның 1 қайық; 6 фронтальды тиегіш, 6 жүк техникасы, 4 су сорғыш техника, қызметкерлердің жалпы саны 45 адам; ЖП: жеке құрамның 4 адамы бар 2 патрульдік экипаж қосылды.

«Су тасқыны қаупі бар учаскелердің паспортына сәйкес Көкшетау қаласында жалпы саны 183 тұрғын үй бар, оның ішінде бес қабатты 3 үй және № 8 және №12 орта мектептер бар», - деп атап өтті ТЖД-да.


Соңғы жаңалықтар