Көкшетауда құрылысшы 9-қабаттан құлап мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда құрылысшы 9-шы қабаттан құлап мерт болды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы қарашаның 9-да Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел медициналық жәрдем фельдшері телефон арқылы хабарласқан.

Ол құрылыс жұмысы кезінде 9-қабаттан абайсызда 1966 жылғы облыс орталығының тұрғыны құлағанын айтты.

Ер адам алған дене жарақатынан көз жұмған.

«Биылғы 10 қарашадағы сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес өлімге «бастың дефузды жарақаты, бастың, іштің, жамбастың, қол-аяқтың үйлесімді жарақаты, биіктіктен құлау» себеп болған. Бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 277-ші бабының 2-ші бөлігі (құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне енгізілген», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар