Көкшетауда құбыр жарылып, бірнеше көшені су басты

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда Ақан сері көшесіндегі магистральды су құбыры жарылып, бірнеше көшені су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорны мамандарының мәліметінше, апатты жоюға тиісті мамандар тартылды. Сонымен бірге апат болған көшенің осы учаскесінде жол қозғалысы шектелді.

«Тұрғындарға құбыр арқылы су жеткізуде проблемалар туындады. Бірақ су беру толық тоқтаған жоқ. Тек судың қысымы сәл төмендеді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде», - деді Көкшетау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жанна Әбдірахманова.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетау тұрғындары қалада ауызсудың сапасы сын көтермейтінін айтқан еді.


Ашық көздерден алынған фото


Соңғы жаңалықтар