Көкшетауда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алғыс айтам халқыма» атты облыстық ақындар айтысы өтуде (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алғыс айтам халқыма» атты облыстық ақындар айтысы өтуде.

Облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен «Көкшетау» мәдениет сарайында ұйымдастырылып отырған жыр додасына облыстың әр өңірінен келген 10 ақын: Мұхамед Қонқаев, Оюлы Қуаныш, Нұрислам Әбділ және Хайымхан Жансая (Көкшетау қаласы), Құрмет Құралхан (Аршалы ауданы), Байрон Мәрес (Ерейментау ауданы), Мәлжанбай Азамат (Целиноград ауданы), Нұртуған Серік (Еңбекшілдер ауданы), Екпін Советхан (Зеренді ауданы), Марғұлан Оспанов (Бұланды ауданы), оған қоса Солтүстік Қазақстан облысынан келген Аманжол Зағыпар мен Жарқын Жұпархан есімді суырып салма ақындар қатысып бақ сынауда.

Дүбірлі жыр додасын танымал ақын Құдайберлі Мырзабек жүргізуде.

Алғашқы болып сахна төріне шыққан көкшетаулық Мұхамед Қонқаев солтүстікқазақстандық Аманжол Зағыпардан 4 ұпай артықшылығымен басым түсті.
null null

Соңғы жаңалықтар