Көкшетауда ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Патриоттық автобус» акциясы өтті (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Патриоттық автобус» акциясы өтті.

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен қалалық №1, 10 және 12 автобус бағыттарында өткен шараға «Көкшетау автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолұшын созды. Акцияның басты мақсаты - қала тұрғындарын мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба және Әнұранды қастерлеуге шақыру, оларға деген оң көзқарасты қалыптастыру және насихаттау, сондай-ақ жастардың патриоттық сезімдерін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Шара барысында мемлекеттік рәміздердің тарихы туралы викторина ұйымдастырылып, барлық қатысушыларға Ту, Елтаңба және Әнұран бейнеленген суреттер мен жалаушалар сыйға тартылады. Автобус жолаушылары патриоттық «Атамекен» әнін шырқап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Соңғы жаңалықтар