Көкшетауда ҚР Конституциясы күні аталып өтілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін ақмолалықтар облыс орталығындағы «Тәуелсіздік» алаңында ҚР Конституциясы күнін ерекше қуанышпен атап өтуде.

Мерекелік шара Ақмола облысының тауар өндірушілерінің, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының жеңімпаздарының өнімдері ұсынылған көрмеден басталды.

«Тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы - Ата Заңым» атты салтанатты шара барысында Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев және облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова облыс тұрғындары мен қонақтарын ҚР Конституциясы күнімен құттықтап, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының жеңімпаздарына диплом мен бағалы сыйлықтар тапсырды.

Сондай-ақ, осы күні орталық саябақта түрлі мәдени-спорттық іс шаралар ұйымдастырылмақшы.

Мерекелік шара «Азат елдің асыл тірегі» концертіне және жастардың «Open air» кешкілік бағдарламасы мен түрлі түсті от шашуға ұласады деп жоспарланған.

null null null null null  

Соңғы жаңалықтар