Көкшетауда қос мереке - ҚР Конституциясы күні мен облыс орталығының 190 жылдығы аталып өтілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін ақмолалықтар облыс орталығындағы "Тәуелсіздік" алаңында ҚР Конституциясы күні мен Көкшетау қаласының 190 жылдығын атап өтуде. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады

Мерекелік шара облыс орталығындағы "Тәуелсіздік" алаңында ұйымдастырылған Ақмола облысының тауар өндірушілерінің, "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік байқауының жеңімпаздарының өнімдері ұсынылған көрмеден басталды.

«Ата Заңым - асыл қазынам» атауымен өткен салтанатты шара барысында облыс әкімі Сергей Кулагин облыс тұрғындары мен қонақтарын ҚР Конституциясымен және осынау мерекемен тұспа-тұс келген Көкшетау қаласының 190 жылдығымен құттықтап, "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік байқауының жеңімпаздарына диплом және бірқатар тұрғын үй-коммуналдық сала қызметкерілеріне "Ең үздік тұрғын үй-коммуналдық сала қызметкері" белгісін тапсырды.

Сондай-ақ, орталық алаңға жиналған қала тұрғындары мен қонақтарына қазақстандық эстрада жұлдыздары Айжан Нұрмағамбетова, Әлішер Кәрімов және Польшада өткен халықаралық әндер байқауының лауреаты Бибігүл Ысқақованың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылуда.

Жалпы, бұл күні облыс орталығында 50-ге жуық түрлі мәдени-спорттық іс шаралар ұйымдастырылмақшы. Оның ішінде «Қазақстан - байтақ елім тірегім!» 7 флеш-моб өткізу көзделген.

Мерекелік шара «Туған күніңмен, Көкшетауым!» концерттік бағдарламасымен түрлі-түсті от шашуға ұласады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар