+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Көкшетауда коронавируспен ауырғандардың 99 пайызы вакцина алмағандар

2021 жылғы 22 қазан 10:42
Бөлісіңіз:
Көкшетауда коронавируспен ауырғандардың 99 пайызы вакцина алмағандар

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Ashyq» қосымшасының арқасында Көкшетауда үй карантині талабын бұзған 661 адам анықталды. Оның 478-і «қызыл», 138-і «сары» мәртебесі бар.

Ұқсас жаңалықтар
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: ақмолалық жас тарихшылар мен өлкетанушылар бас қосты Ақмола облысында автосервис механигі ұрлаған автокөлікпен жол апатына ұшырады Қазақстанда әрбір бесінші бала артық салмақтан зардап шегеді

Бұл туралы брифингте Көкшетаудың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ысқақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетау қаласында «Ashyq» жобасына 800-ден астам кәсіпкерлік нысаны қатысады. Жобаның тиімділігі коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарды және үй карантині режимін бұзған байланыста болған адамдарды анықтаумен расталады.

«Бүгінгі таңда «Ashyq» қосымшасының көмегімен Көкшетауда 661 тәртіп бұзушыны анықтау мүмкін болды, оның ішінде 478 адам «қызыл», 138 адам «сары» мәртебесі бар. 235 адам жалпы сомасы 8 млн 255 мың 360 теңгеге әкімшілік жауапқа тартылды», - деп түсіндірді Қ.Ысқақов.

Карантин режимін бұзған 159 адам Қазақстанның өзге өңірлерінің тұрғындары болып шықты. Олар бойынша шаралар қабылдау үшін ақпарат тұрғылықты жеріне жіберілді.

Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің айтуынша, мониторингтік топтар Көкшетауда карантин талаптарының бұзылуын анықтауды жалғастыруда.

«1 қазаннан бастап әртүрлі меншік нысанындағы 86 нысан тексеріліп, 10 нысанның қарантин режимін бұзғаны анықталды. Маска режимін бұзғаны үшін төрт нысанның жауапты тұлғалары әкімшілік жауапқа тартылды. Жұмыс режимін бұзған екі жеке кәсіпкер жазаланды. 50-ден астам адамның қатысуымен бұқаралық іс-шаралар өткізген төрт жеке кәсіпкер жауапқа тартылды», - деп атап өтті облыс орталығының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері. Қ.Ысқақов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT