Көкшетауда коронавирус жұқтырған жүкті әйелдердің соңғысы жазылып шықты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының жұқпалы аурулар станцонарынан коронавируспен ауырған жүкті әйелдердің соңғысы жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі COVID-19 баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, әйел жүктіліктің 41 аптасында қанағаттанарлық жағдайда түскен. Талдау оның коронавирусқа шалдыққанын растады.

«Жүкті әйел тамыздың 13-де түсті. Одан қауіпті дерттің белгілері байқалмады. Әйел іштегі шарананың қимылы әлсіз екенін айтты. УДЗ мен КТГ кейін «шарананың жағдайы қауіпті» диагнозы қойылды», - дейді акушер-гинеколог Саржан Қалмұратов.

Дәрігерлер шұғыл түрде кесар тілігін жасау арқылы әйелді босандырып алады. Сәбидің денсаулығы жақсы.

«Нәрестені дәрігерлер бірден анасынан оқшаулап, бақылауға алды. Біздің неонатологтар тәулік бойы сәбидің жанында болды. Ем алған уақытта анасы мен сәбиін бақылап отырған акушер Анна Шеренговсканың еңбегін ерекше атап өтуге болады», - деп толықтырды дәрігер.

Арада алты тәулік өткен соң алынған қорытынды талдау ана мен баланың сау екенін көрсетіп, олар үйіне жіберілді.

«Ренгент зерттеу кезінде босанған әйелдің өкпесі қабынғаны байқалмады. Сол себепті ол баласымен бірге үйіне шығарылды», - деп толықтырды Қалмұратов.

Жалпы, Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының жұқпалы аурулар станцонары ашылғаннан бері мұнда 33 әйел (оның 22-сі кесар тілігі арқылы) босанып, 34 сәби дүниеге келді.


Соңғы жаңалықтар