Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 80-ге жуық адам көшірілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 80-қа жуық тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Өрт «Жансая» шағын ауданындағы 9 қабатты жаңа тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен шықты.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға Көкшетау қалалық ТЖБ жеке құрамынан 18 қызметкер мен 4 арнайы техника тартылды. Оқиға орнынан 80-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды», - деп түсіндірді Р.Иманқұлов ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.

Өрт сөндірушілердің алдын ала мәліметі бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.

Соңғы жаңалықтар