Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен 40-қа жуық адам эвакуацияланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен 37 жуық адам эвакуацияланды, оның 7-уі бала, деп хабарлайды ҚазАпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өрт Пушкина 11 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйде болған.

«Өрттен 37 адам эвакуацияланды, оның 7-уі бала. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 13 адам мен екі арнайы техника жұмылдырылды. Сағат 17:49 шамасында өрт ауыздықталып, сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығыны есептелуде», - деп түсіндірді ведомстводан.



Соңғы жаңалықтар