Көкшетауда Қопа көлінен балық аулауға тыйым салынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 2020 жылдарға дейін Қопа көлінен балық аулаға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша су қоймаларында биологиялық мелиорациялау жүргізу және табиғатты қорғау полицейлері мен жергілікті полиция қызметі бірлесіп жүргізген «Уылдырық» жедел алдын алу шарасы кезінде Қопа көлінде заңсыз балық аулау оқиғасы тіркелді.

«Тәртіп сақшылары балықшыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қопа көлінде заңсыз құрылған қытайда жасалған 2 синтетикалық ауды анықтады. Бірнеше сағатқа созылған рейд барысында полицейлер 12 ҚР ӘҚбК 383 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Аталмыш санкция бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Қазіргі кезде Қопа көлінде 2018 жылдың 16 мамырынан бастап, 2020 жылдың 16 мамырына дейін 2 жыл бойы балық аулаға тиым салынды», деп көрсетілген хабарламада.

ІІД дерегі бойынша жыл басынан бері табиғатты қорғау полицейлері мен жергілікті полиция қызметкерлері ҚР ӘҚбК 383 бабы бойынша 119 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 1,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салды. Оған қоса, ҚР ҚК 335 бабы бойынша (балық ресурстары, су жануарлары және өсімдіктерін заңсыз алу) қозғалған 2 қылмыстық іс тіркелді.

Еске сала кетейік, жақында Қопа көліне Зерендi балық питомнигiнде өсiрiлген 40 мың ақ амур және дөңмаңдай балықтары жiберiлді. Бұл балықтардың ерекшелегі, олар көлдің астындағы шөптер мен балдырларды жеп көлді табиғи жолмен тазартуға мүмкіндік береді. Ал өткен жылдың қараша айында 13 мыңға жуық ақ амур және 3 мыңға тарта дөңмаңдай балығы жiберiлген болатын. 

 

 

Соңғы жаңалықтар