Көкшетауда көп қабатты үйден өрт шығып, 65 жастағы қария зардап шекті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласындағы Красная көшесінің бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде газ баллонынан өрт шықты.

Өрттің салдарынан үй иесі 1949 жылғы қарияның беті мен сол қолын 1-ші дәрежедегі күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға Ақмола облысының ТЖД жеке құрамынан 6 адам және өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы тартылды, деп хабарлайды аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар