Көкшетауда «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 30 отбасы жаңа пәтерге ие болды (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетау қаласында «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 30 отбасы жаңа пәтерге ие болды.

Соңғы жылдары елімізде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы облыс аумағында байыптылықпен жүзеге асырылып, көптеген тұрғындар баспаналы болып, қуанышқа кенелуде.

Осынау қуанышқа кенелген отбасыларды Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Шамрат Сәдуақасов пен «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Айбас Жарқымбаев құттықтап, пәтер кілттерін салтанатты жағдайда табыс етті.

Бұл жолы пайдалануға 30 пәтер берiлсе, оның 15-і -«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» салымшылары.

«Мен бүгін баспаналы болғаныма шексіз қуаныштымын. Енді ештеңеге алаңдамай, отбасыммен бақытты ғұмыр кешеміз деген ойдамыз. Жалпы бүгінде пәтердің бағасы шарықтап тұрған заманда Елбасының бастамасымен қолға алынған «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының берері мол деп есептеймін. Бүгінгі күні бізге беріп, тұрған пәтердің ғана кілті емес, жарқын болашақтың кілті», - дейді қуанышын жасыра алмаған жаңа пәтердің иесі Айман Қаужанова.

Соңғы жаңалықтар