Көкшетауда көлік жүргізу құқығынан айырылған азамат автобуспен жолаушылар тасыған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Көкшетауда көлік жүргізу құқығынан айрылған жолаушылар автобусының жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша, заңбұзушылықтың орын алғаны өңірде жүргізілген жедел алдын алу шарасы барысында анықталды.

«Көкшетау қаласында «ПАЗ 3205» жолаушылар автобусының 43 жастағы жүргізушісі ұсталды. Тексеріс кезінде ер адамның 2016 жылы ішімдік ішіп рульге отырғаны үшін 3 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Қазіргі кезде автобус айып тұрағыны қойылды. Жүргізуші мен автобус паркінің басшылығы жауапқа тартылды», - деп көрсетілген хабарламада.

Сонымен қатар, полицейлер ауаны ластайтын автобустарға қатысты ҚР ƏҚбК 334 бабы бойынша 14 əкімшілік хаттама толтырды. Оған қоса, қоса 12 автобус машруттан алынып, екі автобус паркінің басшылығы жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар