Көкшетауда көлік апатынан 25 жастағы жүргізуші көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда коммуналдық кәсіпорынның қоқыс тазалайтын жүк көлігін соққан «Мазда» жеңіл көлігінің жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпастан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 ақпанда түнгі уақытта орын алған. Бұл туралы сағат 04:45-те Көкшетау қалалық полиция басқармасына «112» диспетчерінен хабар түсті. Онда «Кенесары-Мамыр» көшелерінің қилысында жол-көлік оқиғасы орын алғаны айтылған.

Анықталғандай, Мамыр көшесінің бойымен жүріп келе жатқан облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны басқарған «Мазда» автокөлігі белгіленген қашықтықты сақтамай «Зил» көлігіне артынан соғылған. Аталмыш «Көкшетазалық» ЖШС-не тиесілі, оны 51 жастағы жүргізуші басқарған.

«Жол апаты салдарынан «Мазда» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі «жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен бірге, тиісті сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар