Көкшетауда қоғамдық көлікте ұялы телефон ұрлаған қостанайлық ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда қоғамдық көлікте жолаушылардың бірінің қалтасынан ұялы телефон жымқырып кеткен күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша құқық қорғау органдарына жергілікті тұрғын, 1988 жылғы азаматша хабарласып, қоғамдық көліктің ішінде белгісіз біреудің оның қаласындағы «Самсунг-Галакси» ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтып шағымданған. Осылайша, оған баукеспе ұры 75 мың теңге шығын келтірген.

Жедел-іздестіру шарасы барысында 1980 жылы туылған Қостанай қаласының тұрғыны қолға түсті.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 188 бабының 2 бөлімі (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, оның бұрын сотты болғаны да белгілі болып отыр.

Соңғы жаңалықтар