Көкшетауда Қоғамдық кеңес мүшелері Жолдауды талқылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы облыстық қоғамдық келісім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы өзінің биылғы Жолдауында еліміздің даму жолындағы мақсат-міндеттерді айқындап, белгілеп берді. Аталмыш құжаттан болашаққа бастайтын игі істердің жоспарын, мемлекетті әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытудың нақты қадамдарын көруге болады. Осы маңызды құжаттағы көзделген міндеттерді уақытында сапалы түрде жүзеге асыруға әрбір қазақстандық өзінің үлесін қосатынына сеніміміз зор», - деді шараға қатысқан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова.null

Еңбек ардагерлері мен қоғам қайраткерлері, этно-мәдени, жастар ресурстық орталықтарының мүшелері қатысқан шарада Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары Светлана Корнеева, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Рухани жаңғыру» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Роза Сабырқызы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов және басқа да қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауында туындаған міндеттері туралы өз ойларын ортаға салып, оны жүзеге асыруға бір кісідей ат салысатындықтарын айтты.null

Ақмола облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Ерлан Мүсіпов алдағы 2019 жылдың «Жастар жылы» болып жарияланатынын баса айтып, бұл жаңалықты облыс жастары да зор қуанышпен қабылдап, келер жылға үлкен үміт артып отырғандықтарын атап өтсе, «Ұлттық банк» АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Гүлнәр Омарова «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Ұлттық банктің жанынан «Баспана» ипотекалық ұйымы» еншілес ұйымы ашылғанын және бағдарламаның басымдықтары мен мүмкіндіктері туралы түсіндіріп берді.

Соңғы жаңалықтар