Көкшетауда қоғамдық автобустарға күнде дезинфекция жасалады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда күнде кешкісін қоғамдық автобустар дезинфекциялануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы короновирус инфекциясына қарсы қабылданған шаралармен танысқан БАҚ өкілдеріне «Көкшетау автобус паркі» ЖШС-нің Әсия Шәрімова айтты.

«Жаһанды жалмаған коронавирус инфекциясына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Осыған орай, біздің автобус паркінде де санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қолға алынуда. Күнде кешісін автожуу бекеттерінде автобустар жуылады. Тазарту үшін арнайы сұйықтық пен хлор қолданылады. Біз күніне 10 литр арнайы қоспадан беріп отырмыз», - дейді Әсия Шәрімова.

Сонымен қатар, ол автобус жүргізушілері мен кондукторлары медициналық маскамен қамтылғанын атап өтті.


Мұндай профилактикалық шаралар Көкшетау әуежайы мен теміржол вокзалында да жүзеге асырылуда. Вокзал басшысы Роза Арыстанқызының айтуынша, стансаға тәулігіне он пойыз, 600 жуық жолаушы қатынайды. Әр пойыз аялдаған кезде вокзалға түскен жолаушылардың қолы тиген жердің барлығы суртіледі.


«Жолаушылар өткен соң, вокзалдың терезелерін ашып, желдетеміз. Вокзалдың кіретін және шыға есігінде екі дезинфекциялау құралы диспенсер орнатылған. Қызметкерлер маска сияқты қорғаныз құралдарымен қамтылған», - дейді Роза Арыстанқызы.


Соңғы жаңалықтар