Көкшетауда ҚКХП «Біздің ортақ ісіміз үшін» ұранымен өңірлік форумы өтті (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қазақстан Коммунистік Халық партиясының «Біздің ортақ ісіміз үшін» ұранымен өңірлік форумы өтті.Ақмола облысы комитетінде өткен форумға ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Владислав Косарев пен Тұрғын Сыздықов және партияның өңірдегі белсенділері қатысты.

Жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйлеген В.Косарев партияның сайлау алды бағдарламасына тоқталды.

Сонымен қатар, ол партияның сайлау алды бағдарламасының негізгі бағыттары, халықтық коммунизмнің принциптері мен міндеттері, коммунистік тәрбие және қазіргі «батыстық құндылықтар» бойынша тәрбиелеудің тигізетін кері әсерлері жайында кеңінен айтып берді.

Одан әрі Тұрғын Сыздықов сөз алып, ҚКХП идеологиясы жаңа мыңжылдықта- марксизм-ленинизм принциптерін негізге ала отырып жасалғанын жеткізді.
Шара барысында бүгінгі ҚКХП еліміздегі басты құндылық - әлеуметтік тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайтуда мемлекетіміздің сенімді әріптесі екендігі айтылды.
null null null

Соңғы жаңалықтар