Көкшетауда кішкентай бала жабық тұрған құдыққа түсіп кеткен

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат – Көкшетауда бала жабық тұрған құдыққа құлап кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желіде баланың анасы түсірген бейнежазба жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнежазбада сөйлеп тұрған әйелдің айтуынша, оқиға 25 қазан күні кешкілік Көктем шағынауданында орын алған.

Ағалы-інілі (үлкені 10 жаста) екі бала дүкенге шыққан. Дүкеннен қайтып келе жатқанда інісі құдыққа түсіп кеткен. Құдықтың ішінде лай су болған. Абырой болғанда, ағасы абдырап қалмай сол маңдағы адамдарды көмекке шақырып, баланы құдықтан алып шыққан. Бала құлаған кезде кұдықтың қақпағы жабық тұрған. Алайда, бейнежазба авторы көрсеткендей, құдықтың қақпағын екі саусақпен де көтеруге болады. Жеңіл қақпақ үстінен басып қалса, айналып кетеді екен.

«Қақпақты жаптың не, жаппадың не, ешқандай қорғаныс қызметін атқармайды. Қалада осындай қауіпті жерлер бар», - дейді автор.

Бейнежазбаға пікір жазған желі қолданушылары қаланың өзге шағын ауданында қақпағы ашық тұрған құдықтардың барын айтуда.

Қалалық коммуналдық қызметтер аталмыш бейнежазбаға бірден құлақ асып, қазанның 27-де құдықтың қақпағын жауыпты. Бұл туралы ресми ақпарат Көкшетау қаласы әкімдігінің сайтында жарияланды.

«Бүгін таңертең «Су арнасы» мамандары Көктем,1 мекенжайында орналасқан құдықтың қақпағын ауыстырды. Қосымша айта кетсек, ашық тұрған құдықтар туралы ақпараттарға мониторинг жүргізілуде. Жақын уақытта қаланың коммуналдық қызметтері құдық қақпақтарын жабуға шығады», - деп атап өтті облыс орталығы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар