Көкшетауда кеңседен 900 мың теңгенің мүлкін ұрлағандар ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда кеңеседен 900 мың теңгенің мүлкін тонағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, ағымдағы жылдың 4 қарашасында жергілікті жекеменшік ұйымның 36 жастағы қызметкері хабарласып, белгісіз біреулердің фирма кеңсесін тонап кеткенін айтқан.

Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер, ұрылардың кеңсеге пластикалық терезені бұзып кіргендерін анықтады. Ұрылар 2  «Lenovo» және «НР» ноутбуктерін, 7 000 теңге сақталған металл сейф, АИ-92 бензині мен дизель отынының талондарын қолды қылған. Келтірілген шығын көлемі 900 000 теңгені құрады.  

«Жедел-іздестіру шарасы барысында  Еңбекшілдер ауданының 23 жастағы және Щучинск қаласының  21 жастағы тұрғындары ұсталды. Күдіктілер ұрланған заттың біразын үшінші адамға сатып үлгеріпті. Ал қалғаны иесіне қайтарылды», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде, күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, олардың үстінен ҚР ҚК 188- бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық  іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар