Көкшетауда «Қазақстанда жасалған» сауда белгiсiмен ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жәрмеңкесi өтедi

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Көкшетауда «Қазақстанда жасалған» сауда белгiсiмен ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жәрмеңкесi өтедi.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

19 наурызда Тәуелсiздiк алаңы және «Алтын Ғасыр» сауда үйінің алдында ұйымдастырылатын азық-түлiк өнiмдерiнiң жәрмеңкесіне Зерендi, Сандықтау, Бурабай, Жақсы, Еңбекшiлдер аудандары және Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысады.

Бұл күнi тұрғындарға барлық тауарлар 15-20 пайыз төмен бағамен ұсынылатын болады.

Соңғы жаңалықтар