Көкшетауда «Қазақстанда жасалған» сауда белгісімен арзан азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы Тәуелсіздік алаңы мен «Алтын ғасыр» сауда үйінің алдында Атбасар, Аршалы, Қорғалжын, Жақсы аудандары және облыс орталығы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қатысуымен арзан азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр.

«Қазақстанда жасалған» сауда белгісімен ұйымдастырылып отырған жәрмеңкеге ет пен шұжық, балық, жұмыртқа, ұн мен макарон, сүт, картоп, көкөніс, қант, күнбағыс майы және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілді.

Жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы қала базарларындағы 15-20 пайызға арзан сатылуда.

Соңғы жаңалықтар