Көкшетауда Қазақстан Журналистер одағының Ақмола облыстық филиалы құрылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қазақстан Журналистер одағы Ақмола облыстық филиалы құрылды. Осыған орай бүгін «Ақмола-Медиа» орталығында облыс журналистерінің Қазақстан Журналистер одағы Ақмола облыстық филиалын құру мәселесін қараған құрылтай жиналысы болып өтті.

Жиналысты Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, ақын, Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин атындағы музейдің директоры Құдайберлі Мырзабек жүргізіп отырды. Алдымен облыстық филиалдың бес адамнан тұратын алқа мүшелері және есеп комиссиясы сайланды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, журналист-жазушы Жабал Ерғалиев пен өзге аймақта іссапарда жүрген республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі Бақберген Амалбектің құттықтау хаттары оқылды.

Жиналғандардың бірауыздан дауыс беруімен облыстық филиал төрағалығына «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы Ақмола облыстық филиалының директоры Біржан Сөктай сайланды.

Соңғы жаңалықтар