Көкшетауда «Қазақстан: жетістіктер тарихы» атты интеллектуалды-шоу ұйымдастырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ҚР Тәуелсіздігің 30 жылдығына орай «Қазақстан: жетістіктер тарихы» атты интеллектуалды-шоу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

М.Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ұйымдастырылған шарада Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары Қазақ педагогикалық колледжінің «Жас ұрпақ» және Ақана сері атындағы Жоғары мәдениет колледжінің «Болашақ» командалары өзара сайысты.

«Байқау жастардың бойында патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруға, тәуелсіз Қазақстанның тарихын, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, мәдениетін біліп, құрметтеуге бағытталған», - дейді Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасындағылар.

Командалар Тәуелсіздіктің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, мемлекеттік рәміздер, тарихи тұлғалар, Қазақстанның табиғаты мен көрікті жерлері туралы білімдері бойынша сайысып, қазақ халқының салт-дәстүрлерінен қойылымдар қойып, музыкалық өнерлерін ортаға салды.

Сонымен бірге, шара қонақтарының назарына Көкшетау қаласы туралы «Қала тарихы – ұрпақ тарихы» атты фотокөрме ұсынылды.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты іс-шара әлеуметтік қашықтықты және барлық қажетті санитарлық талаптардың сақтай отырып өткізілді.


Соңғы жаңалықтар