Көкшетауда Қазақстан халқы бірлігі күні үш интернационалист жұп отау құрмақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күні үш интернационалист жұптың үйлену салтанаты өтпек. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақмола облыстық Ассамблеясы барша көкшетаулықтар мен қала қонақтарын Тәуелсіздік алаңында өтетін осынау оқиғаның куәгері болуға шақырады.

Қазақстан халқы бірлігі күні отбасын құруды мақсат тұтқан орыс, татар және украин ұлтының өкілдері болып отыр. Мереке аясында облыстық Достық фестивалі өтеді. Онда кез-келген адам этномәдени бірлестіктер ұйымдастырған этноауылда әр ұлттың салт-дәстүрі, қолөнер заттарымен жақын таныса алады. Өңірде тұрып жатқан түрлі халықтың ұлттық ас мәзірлерінің көрмесі мен салт-дәстүрлері де жұрттың көңілінен шығатынына сенім мол.

Бүгінгі күні облыста барлығы 45 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олардың барлығы достық пен бірліктің орталығына айналған және өңірде тұрақтылықтың нығаюына өлшеусіз үлес қосуда.

Атап өтсек, ағымдағы жылы облыс орталығының ең әсем жерлерінің бірі - Қопа көлінің жағасында салынып жатқан Достық үйі есігін айқара ашатын болады.

Соңғы жаңалықтар