Көкшетауда Қазақстан-Беларусь бірлескен индустриялдық-технологиялық паркі ашылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ауылшаруашылығы және коммуналдық техникаларды шығаратын жаңа бірлескен Қазақстан-Беларусь индустриялдық-технологиялық паркі ашылатын болады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Сергей Кулагин мен Беларусь елінің ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Ничкасов арасында өткен кездесуде айтылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан-Беларусь бірлескен жобасы - «Қазақстанның Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС өңірде жаңа жұмыс орнын ашып, өнім көлемін арттыруға және жақын шетелдерге тауар экспорттауға мүмкіндік бермекші. Бүгінгі күні осы мақсатта 6 гектар жер телімі бөлініп, жобалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Мұндағы 1-ші кезектегі құрылыс жұмыстарын жүргізу дайынғы 35 пайызды құрап отыр.

Қазіргі кезде 4 миллион теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың 4-ші тоқсанында аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар машина құрылысы, ауылшаруашылығы, коммуналдық техникалар шығару және жиһаз жасау жөнінде екі жақты келіссөздер жүргізді.

Соңғы жаңалықтар