Көкшетауда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мото шеру өтті (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына арналған мото шеру өтті.

«Тәуелсіздік» алаңында мото шеру қатысушыларын қаланың құрметті азаматтары, ғылыми зиялы қауым, белсенді жастар мен қала тұрғындары қарсы алды. Қатысушылардың облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаеваға патриоттық туды салтанатты табыстау рәсімі өтті.

Акция барысында мото шеруге қатысушылар облыс орталығындағы Пушкина-Набережная көшелерінен бастап, қаланың басты көшелерімен жүріп өтті.

Еске сала кетсек, мото шеру Алматыдан бастау алып, оған қатысушылар Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Павлодар, Астана қалалары арқылы жүріп өтті. Акция Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына арналған негізгі той өтетін Тараз қаласында мәресіне жетеді деп жоспарланған. Мұндағы мақсат - Ұлы халықтың ізімен жүріп, мотошерушілер тобы Отанымыз - Қазақстанның тарихын қадірлеп, өз елімізде бейбітшілік сақтауға шақыру болып табылады.

Соңғы жаңалықтар