Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Көкшетауда қаза болған полицей әйелге ескерткіш тақта орнатылды

2019 жылғы 19 шілде 14:00
Бөлісіңіз:
Көкшетауда қаза болған полицей әйелге ескерткіш тақта орнатылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полиция подполковнигі Ботагөз Бижанованың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегінше, Ақмола облысының ПД емханасы орналасқан госпитальге орнатылған ескерткіш тақтаның ашылуына облыстық ПД бастығы Берік Билялов пен департаменттің жеке құрамы және Ботагөз Мағазқызының туған-туыстары, бұрынғы әріптестері қатысты.

Жиында Ақмола облысының ПД бастығы Берік Билялов сөз сөйлеп, Ботагөз Бижанованың азаматтық ұстанымы мен кісілік келбетін, қызметіне деген адалдығын, санаулы да ғибратты ғұмырын тілге тиек етті.

«Анамды ұмытпай, еске алып, осындай құрмет көрсетіп жатқандарыңызға шынайы алғысымды білдіремін», - деді марқұмның қызы Динара Ералықызы.

Айта кетесек, Ботагөз Мағазқызы 1961 жылы шілденің 18 күні Целиноград облысының Есіл ауданында дүниеге келген. 1978 жылы Арқалық қаласындағы нөмері 4 орта мектепті, 1978-1985 жылдар арлығында Қарағанды медициналық интитутын «Емдеу ісі» бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын қалалық поликлиникада учаскелік дәрігер болып бастаған. Кейін Ішкі істер департаментінде әртүрлі лауазымда қызметтер атқарған.

Өкінішке қарай, 2001 жылы 28 маусымда өз үйінің кіре берісінде оған қастандық жасалып, қаза тапты. Артынша күдіктілер ұсталып, тұтқындалады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Ақмола облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT